Киікті қорғаймыз ба, әлде киіктен адамды қорғаймыз ба? Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин бүгін осындай мәселе көтерді.
Ол өзінің депутаттық сауалында елдегі киік санының күрт көбеюі шаруашылықтарға қолайсыздық тудырғанын айтты. Жануарлардың егістіктерді аяусыз таптауы млндаған шығынға батырып жатыр. Депутат өлген киіктердің көбеюіне де алаңдаушылық білдіріп, эпизоотиялық ахуалдың ушығуынан қауіптенетінін білдірді. Ол тез арада киік популяциясын реттеп, мүмкін болса, өндірістік жолға қойып, мүйізін, етін, терісін дұрыс кәдеге жаратуды ұсынды. Бүгінде елдегі киік саны 2 миллионнан асқан. Оның 90 пайызы батыс өңірлерде. Ал салалық министрліктің есебі бойынша жануар саны 750-770 мыңнан аспауы керек еді.
Аян Зейнуллин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазақстанның солтүстігінде жылына 150 мыңдай гектар егін алқаптары бүлінеді, орта есеппен 1 гектардан 10 центнер өнім зая кетсе сол өңірдің шаруалары 14 млрд.теңге шығынға ұшырайды. Несие қайтара алмаған шаруалар банкрот болуда. Бұндай жағдайда Үкіметтің жайбасарлығы таң қалдырады. Киіктен зардап шегіп отырған 6 облыстың шаруалары қауқарсыз болып отыр. Тапталған егістіктің өтеуі жоқ. Бұған менің еш қатысым жоқ деп, тек сырттан ғана қарап қалай отыра аламыз?
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/601681-eldegi-kiikti-k-beyui-sharualardy-shy-yn-a-batyrdy
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через