фото: Pixabay
Өткен жылдың осы кезеңінде Алматыдағы психикалық денсаулық орталығының сенім телефонына 80-нен аса қоңырау түскен. Ал биыл 150-ге жуық адам көмек сұрап хабарласқан.
Сондықтан, құмар ойындардың жарнамасын жүгендеу керек. Олай болмаған жағдайда лудомандардың қатары тіптен артып кетеді. Дәрігерлердің айтуынша, лудоманияға шалдыққан адамның ең бірінші мінез-құлқы өзгереді. Қарапайым сөзбен айтсақ, үнемі сіркесі су көтермей тұрады. Ашуланшақ болып кетеді. Түн ұйқысы бұзылады. Оған қоса, асқа зауқы болмайды. Ешкіммен сөйлеспейді. Осы белгілер байқалған кезде маманға қаралу керек. Жақындары қолұшын созуы тиіс. Әйтпесе оның соңы қиын жағдайға әкеледі, деп дабыл қағып отыр дәрігерлер.
Мұны лудоманияға шалдыққан жігіт ағасы да растайды. Ол аты-жөнін айтпауымызды өтінді. Жасы 50-ге жуықтап қалған. Құмар ойынды 5 жыл бойы ойнаған. Өздігінен қоя алмаған соң Павлодардағы психикалық денсаулық орталығының оңалту орталығына келген. 5 ай болды осында. Тағы 2 ай жатады. Ойынның кесірінен жұмысынан шығып қалған. Туған-туыс, дос-жарандарымен араз. Енді мүлдем қоямын,деп отыр. Ол кеңесшілер курсын оқып, өзі сияқты құмар ойынға кіріп кеткен адамдарға көмектескісі келеді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через