Елде 2 176 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен

Елде 2 176 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен
фото: Бақ кз

Қазіргі уақытта елде 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

▪️Алматы қаласы - 287;

▪️Қарағанды облысы-221;

▪️Павлодар облысы-170;

▪️Алматы облысы - 167 тіркелген.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

Үйден кетіп, оралмаған - 1 634 адам,

автокөлікпен жоғалған – 74,

жұмыстан кеткен-36.

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

◾️Алматы қаласында (514)

◾️Астана қаласында (185)

◾️Шымкент қаласында (155)

◾️Алматы (143)

◾️Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз.

ҚазАқпарат