фото: inbusiness.kz
Қазақстан табиғаты шетелдіктерді қызықтыра бастады. Бұған мысал ретінде соңғы үш жылда еліміздің туристік саласына 4 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылғанын айта кетсек болады. Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі осындай мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Standard.kz порталы.
2022 жылдың өзінде туристер тарапынан құйылған инвестиция көлемі 513,3 миллиард теңгеге жеткен.
"2020-2022 жылдар аралығында Қазақстанның туристік саласына 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Сонымен қатар, аталған кезеңде елімізде 400-ден астам туристік нысан салынды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Вице-министр Ержан Еркінбаевтың айтуынша, үкімет отандық туризмді дамыту үшін жеке капиталды белсенді түрде тартып жатыр.
"2022 жылдан бастап мемлекеттік қолдау шараларымен туризм объектілерін салу, тау шаңғысы курорттарын дамыту және туристік автобустар сатып алу жөніндегі жобалар қамтылды. Сондай-ақ туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін субсидиялар беріледі", дейді вице-министр Ержан Еркінбаев.
Бұдан басқа, ел ішінде саяхаттайтын Қазақстан азаматтары үшін балалар авиабилеттері субсидияланады.
"Шетелдік инвесторларды тартуға, оның ішінде түрлі преференциялар беру арқылы ерекше көңіл бөлінеді",-деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через