BMW және BASF компаниялары бірігіп, кәріз жүйесінен аққан судан экологиялық таза бояу жасап шығармақ. Тыңғылықты өңделгеннен кейін қалдық су түрлі-түсті бояуға айналып шыға келмек. Яғни аталған кәсіпорындар бояуға қажетті компонетті мұнай қалдығынан таппақ. Жаңалық ашқандар осындай жолмен органикалық қалдықтарды, соның ішінде биоқалдықтарды шикізатқа айналдыруды көздеп отыр.
Мамандар мұндай бастама мұнайды пайдалану көлемін қысқартып қана қоймай, ауаға шығарылатын зиянды заттардың көлемін 40 процентке дейін азайтатынына сенімді.
Соңғы уақытта бояуға өте қатаң талап қойылып отыр. Себебі қазір автоөндірісінде пайдаланылып жүрген бояулар экологиялық жағынан алып қарағанда тиімсіз. Жаңа машинаның сыртқы баяуы өшіп кетеді, жарықшақтар тез көбейеді. Сол жарықшақтар салдарынан темірді жылдам тот басады.
Алайда BMW мен BASF компанияларының бұл бастамасы көпшіліктің күмәнін тудырды.
Жаңа бастама бояу сапасын жақсартады деген сену қиын.
Бірақ соңғы уақытта өндірушілердің сапалы әрі ұзақ қолданыста жүретін көлік шығаруды басты назарға ала бастағаны анық.
Фото: autonavigator.hu
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через