ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев елімізде қоқыс жағатын зауыт салу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
«Экология саласындағы мамандар мен белсенділер бұл зауыттарда қоқыс жағу атмосфераға ластаушы заттардың таралуын арттырады деген пікір айтып отыр. Сондықтан қазір қалдықтарды жағатын алты зауыт салу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ», - деді С. Брекешев Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр 6 қалада қоқыс жағатын зауыт салу жоспарланып отырғаны айтылған еді (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Ақтөбе).
Сонымен қатар, Өскемен қаласында қоқыс жағатын зауыт салынбайтын болды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через