фото: sputnik.kz
"Семей орманы" резерватының 14 қызметкері "Құрмет" орденімен марапатталды.
"Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты", – делінген экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарламасында.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысының жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін "Семей орманы" резерватының қаза тапқан 14 қызметкері "Құрмет" орденімен марапатталған болатын.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через