Экология министрі Арал теңізінің құрғаған бөлігінде оазис құруды жоспарлап отыр

Экология министрі Арал теңізінің құрғаған бөлігінде оазис құруды жоспарлап отыр
фото: suntravel.uz

       Еліміздің экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев алдағы екі жылда Арал теңізінің аумағын көгалдандырмақ. Министр Аралдың құрғаған бөлігінде алдағы екі жылда миллионнан астам көшет отырғызып, көгалдандыруды жоспарлап отыр.

       Ведомствода Аралды көгалдандырудың екі әдісі қарастырылды. Бірі – тұқым егу, екіншісі – көшет отырғызу. Алайда Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, көшет отырғызу әлдеқайда тиімді. 

       “Теңіздің құрғауынан пайда болған тұзды шаң-тозаң бүкіл облыстың ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізетіні белгілі. Сондықтан түбін өсімдіктермен жабу маңызды. Бұл тұздың таралуын азайтады”, – деді министр.

        Бұған дейін министр Ерлан Нысанбаев қоқысты бөлек жинауға көп шығын кететінін айтқан еді. 

       Stan.kz