Екінші деңгейлі банктерге қолма-қол рублді Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілді

Екінші деңгейлі банктерге қолма-қол рублді Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілді
фото: https://sputnik.kz

Екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілді.

Мұндай шешім 2022 жылғы 28 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" үкімет қаулысы негізінде қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз нысанға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында қабылданды.

Қаулы қол күнтізбелік алпыс күн ішінде қолданыста болады.

"Бүгінде екінші деңгейлі банктерде банк шоттарын, төлем карточкаларын, сондай-ақ  электронды  әмияндарды пайдалана отырып  қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін, қолма-қол Ресей рублінің жинақталу тәуекелін барынша азайтуға  мүмкіндік беретін әр алуан арналар мен құралдар бар", - деп толықтырды  Ұлттық  банк.

https://sputnik.kz