фото: https://sputnik.kz
Екібастұзда сынап далаға төгіліп жатыр
Фирма басшысының сөзінше, далада жатқан сынап емес, шамдардан қалған шыны.
Екібастұз қаласында құрамында сынап бар шамдарды жою жұмыстарымен айналасытын жеке меншік фирманың басшысы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді.
Бұған дейін @abzhannews Telegram-арнасында жергілікті эколог Ержан Оразалиноватың қаланың шыға берісінде жарты тоннаға жуық сынапты анықтағаны туралы хабар тараған болатын.
Оның айтуынша, қоймадағы қалдықтар "ЭлектроТрансРеелто" ЖШС-іне тиесілі және қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіріп отыр.
Эколог кәсіпорынның жұмысын тоқатуды талап етті.
"ЭлектроТрансРеелто" ЖШС директоры Владимир Колесников мәселенің мән-жайын түсіндірді.
Оның сөзіне қарағанда, далада жатқан сынап емес, шамдардан қалған шыны, оның құрамында сынап жоқ.
"Қалдықтардың бәрі қапта жатқан ғой. Күз, қыс болды. Қаптар сетінеп, қалдықтар шашылып кеткен. Біз бәрін жинап қоямыз. Ол жағынан проблема жоқ. Сосын мен зертхананы шақырып жатырмын. Барлығы таза екенін дәлелдейміз. Біздегі қондырғы 100 процентке экологиялық таза, барлық процесс вакуумда жасалады, қоршаған ортаға ешбір зиян жоқ. Әйтпесе, лицензия бермейтін еді", - дейді Колесников.
Директор ескі шамдардан алынатын сынаптың арнайы сейфте сақталатынын жеткізді.
"Біз шамдардан қалатын пластикті де лақтырмаймыз, бәрін жинап, қайта өңдеуге жібереміз. Биыл шыны-пластик төсеуіштерді шығаруды жоспарлап отырмыз" – деп атап көрсетті Колесников.
Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы зертханалық тескерісті бастады.
Айта кетері, "ЭлектроТрансРеелто" ЖШС сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, компания 2006 жылы құрылған. Ал 2012 жылдан бастап құрамында сынап бар шамдар және басқа да қалдықтарды жоюмен айналысады.
Мәтіндегі ақпарат туралы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через