Екібастұзда ферроқорытпа зауыты іске қосылады
Екібастұз МАЭС - 1 маңында ферроқорытпа зауыты іске қосылады. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев мәлім етті.
"Инвестор-EkibastuzFerroAlloys-ферросилиций өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Зауыттың жоспарланған қуаттылығы жылына 240 мың тонна өнімді құрайды", - деді спикер.
Оның айтуынша, бұл Ақсу ферроқорытпа зауытынан және Қарағандыдағы кәсіпорыннан әлдеқайда көп. Жоба 55 миллиард теңгеге бағаланып отыр. (129 миллион доллардан астам). Іске асыру мерзімі - 2021-2023 жылдар аралығы.
Қаңтарбаев кәсіпорынның ыңғайлы логистиканы және Сәтбаев атындағы каналдан сумен жабдықтаудың болуын ескере отырып, МАЭС-1 жанында іске қосылатынын жеткізді. Барлығы 1 500 жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде 800 - і тұрақты жұмыс орны болмақ.
Жоба қоғамдық тыңдаудан өтті, сарапшылар өндірістің экологиялық тазалығы 99,8% құрайды деп уәде береді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через