фото: sputnik.kz
Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының аяқталуына екі айдан аз уақыт қалғанын ескертті.
Биыл 23 қаңтар мен 30 маусым аралығында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінім қабылданған болатын. Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.
Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер осы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралады.
"Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз", – дейді Жамалиев.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через