фото: https://pixabay.com/ru/
Биыл елімізге 10 мыңнан астам Қытай көлігі кірген.
Неміс, кәріс, жапонның темір тұлпарына қарағанда құны қалтаға қонымды болғасын ба, әлде жүргізушіге жасалған жағдайдың жақсы болғанынан ба, әйтеуір Қытай көлігін тақымдайтындар көбейді.
Биылғы жылдың алғашқы екі айында елімізге кірген әрбір екінші темір тұлпар Қытайдан әкелінген. Яғни 10 мың бір жүз. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 мың сегіз жүзге көп. Жалпы 20 мың көлік импортталған. 3 мың 700 АҚШ-тың, 3 мың Жапонияның, 1600 Кореяның көлігі кірген.
Қытай елінің көлігіне ғана емес, олардың тауарына да қызығушылық жоғары. Арада барыс-келіс, сауда-саттық, ынтымақтастық артты. Бұған - екі ел арасындағы визасыз режимнің енгізілуі себеп. Биыл алғашқы тоқсанда шекарадан кіріп-шыққан адам саны өткен жылмен салыстырғанда 200%-дан асқан.
Дертіне дауа іздегендер, кәсібімді дөңгелетсем деген бизнесмендер, саяхатшылар мен білім іздегендер көк паспортты көрсетіп, 30 күн емін-еркін көрші елде жүре алады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через