eGov.kz қызметі тоқтатылады

eGov.kz қызметі тоқтатылады

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды екі аптаға тоқтатады. Бұл туралы ,«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» хабарлады. 

«2023 жылғы 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің Халыққа қызмет көрсету орталықтары:

- жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;

- міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу;

- жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлерін көрсетпейтінін хабарлаймыз.

Сонымен қатар биыл 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы:

- жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау:

- нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылды.

Одан бөлек, аталған кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды», - делінген мемкорпорация мәліметінде.

Фото kt.kz