Жақында Алматыдағы Наурызбай ауданында басқа қонымсыз жағдай болды. Мамыр айының басында Абай даңғылының бойына 100-ден астам тал отырғызылды. Сол маңдағы тұрғындар «ауданымыз жасыл желекке бөленетін болды» деп қуанды. Бірақ арада 3-4 күн өткенде көшеттер орнында жоқ болып шықты.
Сонда бұл ағаштарды кім отырғызды, соңынан неге алып тастады? Біреу ұрлап кетті ме? Әлде басқа жерге апарып екті ме?
11 мамырда Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесіп еді. Бәлкім әкім келіп кеткен соң, бұл көшеттер әкімнің келесі кездесуі өтетін ауданға орналастырылған шығар? Жалпы мұндай тәжірибе біздің елде бар. Естеріңізде ме, жақында Астанаға Әзірбайжанның президенті келгенде Мемлекет басшылары екі ел достығының белгісі ретінде елордадағы саябақта шырша отырғызған. Кейін мамандар жас шыршаны басқа жаққа көшіргенін көріп таң қалдық.
Байқасаңыздар, шет аудандарда ғана емес, қала орталығындағы ағаштар да қараусыз қалып отыр. Мысалы, Сатбаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысына бірнеше жыл бұрын ағаштар отырғызылған еді. Бүгінде сол отыз шақты ағаштың бесеуі ғана көгеріп тұр. Өзгелері қурап кеткен, не түбінен кесілген. Кезінде осы көшеттер отырғызуға қыруар қаржы бөлінген жоқ па?
Қаламызға сән беріп, тұрғындарға сая болуы тиіс ағаштар неге қараусыз қалды? Бұған кім жауапты?
Standard.kz порталы бұл сұрақты Наурызбай ауданының әкімдігіне, Алматы қаласының әкімідігіне, Жасыл экономика басқармасына, Экология және қоршаған орта басқармасына жолдайды.
Біздің байланыс нөміріміз: +7(727)274-93-92
E-mail: info@standard.kz
Фото newsroom.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через