фото: https://sputnik.kz
Эфиопиялық ұшқыштар қонардан алдын ұйықтап қалған
Эфиопияда ұшқыштар ұшып бара жатып ұйықтап қалған, деп хабарлады NOS.
"Ethiopian Airlines әуе компаниясы ұшақты уақытында қондырмаған екі ұшқышқа қатысты жағдайды тексеріп жатыр. Тергеу барысында олар жұмыстан шеттетілді", - делінген хабарламада.
Ұшақ Суданнан Эфиопияға бағыт алған. Бірақ ұшу жазбасы оның әуежайдың жанынан ұшып өткенін көрсетіп отыр.
The Aviation Herald басылымының хабарлауынша, ұшқыштар қатты шаршағандықтан штурвалды автопилотқа қойып, ұйықтап қалған. Ұшақ қонуға жақындаған кезде диспетчерлер ұшақтың төмен түспегенін байқайды. Осы уақытта әуе диспетчер қызметі экипажбен байланысуға тырысқан.
Ұшу-қону жолағынан өтіп кеткеннен кейін автопилот ажыратылып, дабыл белгісі іске қосылған. Осыдан кейін ұшқыштар ұшақты бұрып, жерге 25 минут кешігіп қонған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через