Дрондар көмекке келді

Дрондар көмекке келді

       Ақтөбе облысында полицейлер жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерді дронның көмегімен анықтауға кіріскен.

       Әуеде қалықтап жүріп таспаға түсіретін аппарат Самара-Шымкент және Ақтөбе-Астрахань бағытындағы халықаралық жол бойында қолданылып отыр.

       Тәртіп сақшыларының айтуынша, заманауи технологиялар көлік апаты жиі орын алатын тұстарды жіті қадағалауға мүмкіндік береді. Себебі дрон бір мезетте 3 шақырымға дейін қашықтықты түсіреді. Биылғы жылдың 9 айында облыстағы республикалық және халықаралық жол бойында 382 көлік қақтығысы тіркеліп, 75 адам қаза тапқан. 500-ден астам жолаушы түрлі жарақат алды.

        Айдос Құлжанов, облыстық ПД ЖПҚ бастығының орынбасары:

       - Бұл қазір өте тиімді болып отыр құқық бұзушылықты анықтауға және де біріншіден негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Осы екі күндік рейдтік іс-шараның нәтижесінде 31 құқық бұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде 23-і жол қозғалысының қарсы бағытына шығу құқық бұзушылығы анықталды.

     Ақпарат дереккөзі