Драматург -Театр (Режиссер) - Көрермен: Бірге, әлде бөлек ...?

Драматург -Театр (Режиссер) - Көрермен:  Бірге, әлде бөлек ...?

Драматург–– Театр (Режиссер) –– Көрермен:

Бірге, әлде бөлек ...?

        Драматург пен театрдың, драматург пен режиссердің арасындағы байланыстың белгілі бір жүйеге түспеуі бүгінгі қазақ театрының шешімін күткен өзекті мәселелерінің бірі. «Драматург – Театр (Режиссер) –– Көрермен» тізбегінде жұмыс істейтін, театрларымыз репертуарын жасайтын автор-драматургпен шығармашылық байланысын қамтамасыз ететін заманға сай оңтайлы тетіктерін таба алған жоқ.

        Оларды қалай жақындатамыз және театрға, көрерменге қажетті сапалы пьеса жазуды қалай жолға қоямыз? - деген сұрақтарға жауап іздейміз. Мақсатымыз, мәселенің басында тұрған екі тарапты, екі үлкен шығармашылық топ – автор-драматургпен театрды (режиссер, директор) жақындастыру.

       Драматург –– Театр (Режиссер) –– Көрермен: Бірге, әлде бөлек...? - атты Дөңгелек үстел отырысында көтерілетін мәселелер:

  • Бүгінгі жазылған пьесалардың көркемдік деңгейі талапқа сай ма?
  • Көрермен сахнадан не көргісі келеді?
  • Театр қандай өнім шығаруды дұрыс санайды?
  • Режиссер қандай пьеса қойғанды жөн көреді?
  • Драматург қандай тақырыпта пьеса жазып театрға ұсынуы керек?
  • Пьеса сапалы жазылып, оның көрерменге жетуіне не кедергі?

    Осы және өзге де де сұрақтар төңірегінде театр директоры, көркемдік жетекші, қоюшы режиссер, жазушы-драматург, театр сыншылары қатысатын отырыста кәсіби мамандардың пікірлерін білгіңіз келсе Дөңгелек үстел отырысына келіңіз.

       

       Күні: 19 сәуір 2023 жыл

       Басталуы сағат 15.00 де

       Мекен-жайы: М.Төлебаев көшесі 185 үй,

       «М.Әуезовтің Мұражай-үйінің» мәжіліс залы.