Досаев балалар спортына бөлінген 2,5 млрд теңге жымқырылғанын айтты

Досаев балалар спортына бөлінген 2,5 млрд теңге жымқырылғанын айтты

       Алматы әкімі Ерболат Досаев Artsport бағдарламасына бөлінген  2,5 млрд теңгенің жымқырылғанын мәлімдеді.

       Алатау өңірінің тұрғындары әкімнен балаларға арналған үйірмелер мен спорт мектептерінің жоқ екенін айтып, шағымданды. Сондай-ақ Досаевтан «Арспорт» жобасынан шыққан былықты тез арада шешуді сұрады.

       Әкім ауданда көпсалалы инновациялық шығармашылық орталықтың (Оқушылар сарайы) жаңа ғимараты ашылатынын айтып, уәде берді. Досаев құрылыс жұмыстары жылдың аяғына қарай аяқталады деді.

«Артспортта» QR код болады. Былтыр Алматы қаласында 20 млрд теңге бөлдік . Оның ішінде 2,5 млрд теңгені ұрлап кетті. Бүгінгі таңда ұрлағандарды соттайын деп жатырмыз. Қазір балабақшалар жаңа технология бойынша жұмыс істеп жатыр. Ешкім шағымданып жатқан жоқ. Биыл қалаға 16,2 млрд теңге бөлдік, құнын азайтқан жоқпыз. Алатау ауданына арнайы 2,3 млрд теңге қарастырылды. Біз балаларға мүмкіндік ашып бердік, - деді әкім.