Доллар тағы қымбаттады

Доллар тағы қымбаттады

фото: https://sputnik.kz

Доллар тағы қымбаттады

5 наурызда доллардың бағамы 500 теңгеден асқан болатын

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық кезінде доллардың бағамы 510 теңгеге жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кетері, 5 наурызда доллардың бағамы 500 теңгеден асты. Айырбастау пунктерінде бір доллар 505,5 теңгеге сатып алынса, сату бағасы 520 теңге болған.

Бүгін Қазақстанның қор биржасы (KASE) мен ұлттық банк сауда-саттық регламентін өзгертіп, теңге-доллар саудасын 15:00-ге ауыстырған болатын.

Бұл шара валюта нарығындағы тұрақсыздықтың алдын алу мақсатында қабылданды. Өйткені жоғары құбылмалылық пен сыртқы факторлар қысымы болып отыр.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз