фото: healthy-food-near-me.com
Жүйкеңізге көмектесіңіз.
Жүйкені сақтау керек. Оны қалпына келтіру үшін дәрі-дәрумен ішуге асықпай, мына халық әдісімен ем қабылдаңыз. Өйткені бүгінде жұйкесі шаршамаған адам қалмады ғой. Сондықтан да мына тұнбаны дайындап ішіп, жүйкеңізге көмектесіңіз.
100 гр. жалбызды, 130 гр. шүйгіншөпті, 200 гр. жұпаргүлді, 200 гр. түйежоңышқа, 200 гр. долана, 4 ас қасық итмұрын шөбін жақсылап ұнтақтап алып, араластырыңыз. Емдік шөпті ыдысқа салып, үстіне 1,5 л қайнаған су құясыз. Ыдыстың қақпағын жауып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 0,5 стақаннан тамақтан алдын ішесіз.
Бірдей көлемде түймешетенді, қырмызыгүлді, жұпаргүлді араластырыңыз. Араласқан емдік шөптің 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Тұнба салқындаған соң сүзіп алып, 0,5 стақаннан күніне 2-3 рет ішіңіз.
1 ас қасық шүйгіншөп тамырын термосқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, бір түнге қалдырасыз. Таңертең дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақан ішесіз. Бұл тұнба жүйкені тынықтырады, бас ауруын емдейді, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады.
1 ас қасық долананы стақан суға салып, жылы орап қоясыз. Тура 2 сағаттан соң сүзіп алып, 1-2 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан алдын қабылдау керек.
20 гр. кептірілген таран шөбін 1 стақан қайнаған суға салып, 2 сағат тұндырып қойыңыз. Осы уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 2-5 рет ішіңіз.
1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық жебіршөпті салып, 30 минут тұндырыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз.
Ernur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через