Дизель отынына қатысты шағымдарға арналған жедел желі іске қосылды

Дизель отынына қатысты шағымдарға арналған жедел желі іске қосылды

Энергетика министрлігінде, сонымен қатар жанар-жағармай құю стансалары желілерінде дизель отыны мәселесі бойынша азаматтардың арыз-шағымы мен өтінішін қабылдауға арналған сенім телефоны іске қосылды, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Клиенттерді қолдауға арналған жедел желі стационарлық және мобильді нөмірлер бойынша, сондай-ақ танымал мессенджерлерде қолжетімді.

Call-center:

  • Қалалық: +7 (7172) 78-69-55
  • Ұялы байланыс: +7 (708) 812-02-31
  • Telegram / WhatsApp: +7 (708) 812-02-31

"Орталық мемлекеттік органның кері байланысының бұл түрі азаматтарға елдегі жанармай құю станцияларындағы заңбұзушылықтар туралы ҚР Энергетика министрлігіне жедел хабарлауға мүмкіндік береді. Энергетика министрлігінің жедел желісіне оператор бекітілді, ол келіп түскен өтініштерді бақылап, талдап отырады. Азаматтардан алынған ақпараттың дұрыстығы тексерілгеннен кейін негізсіз әрекеттер мен заңбұзушылықтардың барлық дерегі тиісті шара қолдану үшін құзыретті мемлекеттік органдарға беріледі.

Болжамдар мен қауесет болдыртпау үшін біз азаматтарды АЖҚС тарапынан заңбұзушылықтар немесе заңсыз құю фактілері туралы "жедел желіге" хабарлауға және көмек көрсетуге шақырамыз", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, ведомство еліміздің ірі АЖҚС-тарындағы "жедел желілер" бойынша қосымша деректерді ұсынды.

Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз:

  • Call-center: 9911
  • Telegram / WhatsApp: +7 (771) 046-46-46
  • Instagram: azs_qazaq_oil

Sinooil:

  • Call-center: 8-800-070-01-80
  • Instagram: sinooil.kz

Helios:

  • Қолдау орталығы: 8-800-080-5444
  • Telegram / WhatsApp: +7 (777) 708-00-39
  • Instagram: helios_kz
  • Қалалық телефондар үшін: helios.kz/kontakty

Газпромнефть:

  • Call-center: 8-800-080-10-08
  • Instagram: gazpromneft_kz

Фото: aktobetimes.kz