"Димаштың тегін ұрладым": әншінің жанкүйері төлқұжатын Құдайбергеноваға ауыстырды

"Димаштың тегін ұрладым": әншінің жанкүйері төлқұжатын Құдайбергеноваға ауыстырды
фото: https://sputnik.kz

"Димаштың тегін ұрладым": әншінің жанкүйері төлқұжатын Құдайбергеноваға ауыстырды

Кристина сәуірдің ортасында АХАЖ органдарына фамилияны ауыстыруға өтініш жазған.

Ресей азаматы Кристина Алексеенка тегін Құдайбергеноваға ауыстырды.

Осылайша, "жүрегімді ұрлап алған Димаштың тегін ұрладым" дейді.

Кристина әншінің шығармашылығымен осыдан үш жыл бұрын танысқанын айтады. Димаш бірден жүрегін жаулап алыпты.

"Сол кездің өзінде "Құдайберген (ов)" сөзі әдемі көрінді, құлаққа жағымды болып естілді. Арасында оның фамилиясын өз атыма келтіріп жүрдім, бірақ шын мәнінде солай жасаймын деп ойлайған жоқпын. Just for fun болған. Ал наурыздың басында құрбым екеуіміз әңгімелесіп отырғанда фамилияны ауыстыру мәселесін қозғадық...Құдайбергенова Кристина Николаевна...Әдемі естіледі екен. Құрбым өзің шеш деді. Артынан ауыстыруға шешім қабылдадым", - деп жазды Құдайбергенова әлеуметтік желідегі парақшасында.

2021 жылдың қаңтар айында Кристинаның әке-шешесі қайтыс болды. Бірнеше айдан кейін әжесі де дүние салды. Сол кезде ол Димаштың ұзақ тыңдап жүрді.

"Мен Димаштың ән айтқан видеоларын қайта-қайта қарадым. Оның дауысы жанымды жазып, жүрегіме дауа болды. Димашпен өмірдің жалғасатынын түсіндім. Ол маған күш-жігер берді. Менің өміріме кіргені үшін, маған жасаған барлық жақсылығы шексіз алғыс айтамын. Сол үшін фамилиясын да алып отырмын", - деп атап көрсетті Құдайбергенова.

Кристина сәуірдің ортасында АХАЖ органдарына фамилияны ауыстыруға өтініш жазған. Ал 27 сәуірде аты-жөні ауысқаны туралы анықтама алды. Одан кейін жаңа төлқұжатқа тапсырыс берген.

"Міне, енді Димаштың тегін алдым! Сонда Димаш менің жүрегімді ұрласа, мен оның тегін ұрлап отырмын ғой", - дейді Кристина