Бос уақыт

Бөлісу

Димаштың шетелдік жанкүйерлері Алматы қонақүйлеріндегі барлық орынды сатып алып жатыр

  Димаштың шетелдік жанкүйерлері Алматы қонақүйлеріндегі барлық орынды сатып алып жатыр

Димаштың концерті Алматыға шетелдік туристердің келуіне түрткі болды. Қаладағы қонақүйлерде жүктеме жоғарылағаны байқалады.

"Алматы қонақүйлерінде шетелдік туристердің келуіне байланысты жоғары жүктемелер байқалады. Олардың арасында 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының орталық стадионында концерт беретін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтің жанкүйерлері бар", - деді Алматы туризм басқармадағылар.

Басқармада "Тикетон" сервисінің деректеріне сілтеме жасалды, оған сәйкес 50 елден келген туристерге шамамен 21 000 билет сатылды.

"Сондай-ақ, бүгінде Алматыда туристік ағынның өсуі байқалады. Жыл соңына дейін қалаға 300 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде", - деп толықтырды ведомстводан.

Дереккөз Kaz.tengritravel.kz. Фото: chapmantaylor.com

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через