Бос уақыт

Бөлісу

Димаштың Алматыдағы концертіне әлемнің 36 елінен тыңдармандар билет сатып алды

  Димаштың Алматыдағы концертіне әлемнің 36 елінен тыңдармандар билет сатып алды

14 шілдеде Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концертіне билет сатыла бастады. Ticketon ақпараты бойынша, алғашқы 15 минут ішінде әртістің 36 елдегі жанкүйерлері билет сатып алған.

Димаш өзінің Instagram ресми аккаунтында Dears-ке алғысын жеткізіп, оларды туған елінде асыға күтетінін айтты.

 «Билет сатылымы ,асталғаны хабарланған соң 15 минут ішінде әлемнің 36 елінен тыңдармандарым билет сатып алды. Бүгін - билет сатылымының екінші күні. Одан да көп қонақтар болады деп үміттенемін. Мені қолдағандарыңызға көп рахмет! Баршаңызды жақсы көремін. 23 қыркүйек Алматыда кездескенше!» деп жазды әнші.

Димаштың «Stranger» концерті 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының орталық стадионында өтеді.

Фото: ainews.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через