фото: stranabolgariya.ru
25 қазан, Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградамен марапатталды. Осындай құрметке ие болған азаматтар қатарында елімізге белгілі театр және кино актерлері мен эстрада жұлдыздары бар. Бұл туралы Standard.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорда мемлекеттік марапатқа ие болған өнер иелерінің тізімін жариялады.
"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Дінмұхаммед .Ахимовқа, Михаил Токарев пен Дулыға Ақмолдаға, опера әншілері Шахимардан Әбілов пен Талғат Күзенбаевқа, атақты әншілер Рамазан Стамғазиевке, Димаш Құдайбергенге және күйші Айгүл Үлкенбаеваға берілді”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Жүрсін Ерманов “Отан” орденімен марапатталды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через