Бос уақыт

Бөлісу

Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

  Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты концерті өтеді, деп хабарлайды  Dimashnews сайты.

Димаш көптен күткен жаңа концертін Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматыда алғаш рет өткізеді.

Әнші қымбатты тыңдармандарымен туған жеріндегі кездесуді асыға күтеді.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт нысандарының бірі – Алматының Орталық стадионында өтеді.

Билет сатылымының басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы – DimashNews.com сайтында жарияланады.

Қосымша сұрақтар бойынша press@dimashnews.com электрондық поштасына хабарласуға болады.

Фото: kazpravda.kz

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через