Мемлекет

Бөлісу

Диетолог бауыр үшін ең пайдалы сусынды атады

Диетолог бауыр үшін ең пайдалы сусынды атады
Тамақтану бойынша сарапшы Кортни  Д’Анджело кофенің бауыр үшін ең пайдалы сусын екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, қант қосылмаған қара кофе бауыр циррозын болдырмайды.
Диетолог мұның ғылыми зерттеулер нәтижесінде дәлелденгенін айтты. Кофе тұтыну бауыр циррозы дамуының алдын алады және алкогольді емес май ауруларынан қорғайды. 
Кофе бауырда майдың жиналуын азайтып, антиоксиданттар санын көбейтеді. Антиоксиданттар зиянды бос радикалдарды жою арқылы бауыр жасушаларының зақымдануын алдын алады. 
Сонымен қатар қара кофенің бауыр жарасына қарсы күресе алатыны да дәлелденген. Алайда кофені рецепт бойынша ғана тұтыну керек: қантсыз, сүтсіз және майлы кілегей қоспай.
Stan.kz
Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через