фото: Фото: replyua.net
Диетолог Михаил Гинзбург кейбір диеталардың денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, Пьер Дюканның танымал диетасы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
"Бұл - диетадан көмірсуларды толығымен алып тастаудан тұрады. Қарапайым тілмен айтқанда, адам көбірек ет жейді және тек ақуыз тұтынады. Нәтижесінде бұл подагра ауруы мен ақуыздың жоғары концентрациясына байланысты өт және бүйрек тастарын тудыруы мүмкін", - деді маман.
Гинзбургтың айтуынша, зиянды диеталарға аштық диеталары да кіреді. Салмақ жоғалту процесінде адам электролит алмасуының бұзылуын сезінуі мүмкін. Диетаның бұл түрі тамырлардың тонусының бұзылуына және қан қысымының күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ ол бүйрек пен өт қабында тастың пайда болу қаупін арттырады.
"Қатаң диеталар мен шектеулер ұйқысыздыққа, үнемі артық тамақтануға, кенеттен салмақ қосу және тамақтанудың бұзылуына алып келуі мүмкін. Қатаң диета әкелетін ең ауыр зардаптардың бірі - анорексия немесе булимия", - деді дәрігер.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через