фото: https://www.istockphoto.com/
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристерге тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге баратындарға ескерту жасады.
Аталған елдердің қатарында Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері бар.
Министрлік төмендегідей бірнеше кеңесті ұсынды:
• қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
• әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;
• өнімдерді тұтыну алдында тиісті термиялық өңдеу;
• жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу;
• тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
• тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу және оның суын жұтпау;
• аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через