Мемлекет

Денсаулығына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздарға берілетін төлем көлемі ұлғаюы мүмкін

  Денсаулығына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздарға берілетін төлем көлемі ұлғаюы мүмкін

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

Карантин шектеулеріне қатысты жұмыскер үйінде отырса, ол қашықтан жұмыс істей алады. Қашықтан жұмыс істеу еңбек төлеміне әсер етпейді. Егер де оған медициналық анықтама беріліп, жұмысқа уақытша жарамсыз болса, шектеу қолданылады. Сондықтан осы салада әріптестерімізбен бірге жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді вице-министр.

Ол атағандай, шектеу шараларының төлемі 15 АЕК-тен аспауы керек.

Біздің еңбек стандарттарымыздың белгілі бір талаптары бар. Мәселен, қызметкер ауырып жатса, оған 43 мың теңге көлемінде төлем төленеді. Бұл қызметкердің орташа табысына сай келмейді. Сондықтан біз сарапшылар және серіктестермен қазіргі пандемия жағдайына қатысты ол төлемді ұлғайту мәселесін қарастырып жатырмыз. Ол біздің компаниялардағы еңбек қарым-қатынасы мен елдегі экономикалық жағдайға қатысты болып отыр, - деді Ақмәди Сарбасов.

baq.kz

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру