Демалыс кезінде тез жұғатын қауіпті аурулар. Сақтаныңыз!

Демалыс кезінде тез жұғатын қауіпті аурулар. Сақтаныңыз!

Демалыстың теңіз суы, күн, құм, түрлі коктейлдер сияқты рақатымен бірге, көзге көрінбейтін құбыжық түріндегі қауіптері де бар. Жағажайда жұқпалы дертке шалдығып қалмас үшін дерматолог дәрігер Владимир Барбинов бірнеше кеңес берді

Теңіз бен су қоймаларында шомылу

Адам көп шоғырланатын ортада әдетте түрлі инфекция көп болады. Бұл қолдан жасалған әлде табиғи су қоймасы ма бәрі бір. Ағысы жоқ жылы су - түрлі ауру тудыратын вирустар мен бактериялардың мекені.

Адам денесіне түсіп кетсе олар:

холера,
іш сүзегі,
энтеровирусты инфекция,
дизентерия,
сальмонеллез,
вирусты А гепатитін тудыруы мүмкін.

Ал су құбырлары арқылы нәжіс төгетін су қоймаларында паразиттер болады. Олардың тудыратын аурулары жұққанан кейін бірнеше аптадан кейін ғана байқала бастауы мүмкін.

Жағажайдағы церкариоз

Қаладағы жағажайда демалмақ болсаңыз, абай блған жөн. Су жағасында жүрген құстарды адамдар тамақтандырғанды ұнатады, ал олар паразит тасушы болуы ықтимал. Ал шомылуға тыйым салынған жерде суға кірсеңіз болды паразитті жұқтыру қаупі 95 пайыз екенін біле жүріңіз. Жағада жүрген үйректерге де жоламаңыз. Құстың қауырсынында түрлі кене мен паразиттер өмір сүре береді.

Ішек инфекциялары

Инфекцияны түрлі жерде жұқтыруға болады, алайда олар жағажай мен суда көп. Адамдар жағажайда ортақ дәретхананы пайдаланды, ал кейде қолын жууға ерінеді. Әдетте ішек инфекциясының инкубациялық уақыты 14 сағаттан бір аптаға дейін барады. Сондықтан онымен үйге жеткенде ауыра бастауыңыз мүмкін.

Қалай қорғану керек?

Ол үшін бірнеше қарапайым ережені ұстанған жөн. Зауыт немесе шаруа қожалығы маңындағы су қоймаларына шомылмаңыз. Адам тым көп жағажайдан аулақ болыңыз.

Жыл құстары ұя салатын немесе судың түсі өзгерген су қоймаларына да жоламаған абзал. Суға түскенде мұрынмен демалып, суды мүлде жұтпаңыз - бұл өзіңізді аурудан сақтаудың басты ережесі. Одан кейін жеке бас гигиенасын сақтаған дұрыс: қолды жиірек жуыңыз, көпшілік жерде жалаң аяқ жүрмеңіз.

Дереккөз tengritravel.kz. Фото zdorovieinform.ru.