Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлына қатысты дау шықты: Депутат не дейді

Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлына қатысты дау шықты: Депутат не дейді
фото: smi24.kz

Әлеуметтік желіде жігіт пен қыздың арасындағы жанжалға байланысты видео тарады. Видео авторы бұл оқиға Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлына қатысты екенін айтады. Осы орайда тілшілер оқиғаға қатысты депутаттың пікірін сұрады.

«Жастар өздері шешеді. Бір-бірін жақсы көретін болар», - деді Д. Тұрлыханов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда депутат осы оқиға жайында естімегенін және ұлымен сөйлесетінін айтты.

«Олар ер жеткен балалар. Сондықтан өздерінің мәселесін шешеді деп санаймын. Бұл деректі сіздерден естіп отырмын және мен үшін жағымсыз жаңалық болып тұр», - деді Д. Тұрлыханов.

Бұған дейін журналист Михаил Козачковтың Telegram-каналында жігіт пен қыздың арасындағы жанжалға қатысты видео жарияланған болатын.

Естеріңізде болса, 2023 жылдың ақпан айының ортасында қазақстандық заңгер Анна Димитриевич Алматыда күйеуі екеуін атақты балуанның баласы соққыға жыққанын мәлімдеген еді. 

Оқиға былай өрбіген. 15 ақпанында Алматыда ерлі-зайыпты адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновты соққыға жығылған.  Аннаның айтуынша, күйеуі екеуіне шабуыл жасаған атақты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Кейін Дәулет Тұрлыханов Алматыдағы ұлына қатысты оқиғаны түсіндіріп, теріс қылығы үшін кешірім де сұраған. Енді екінщі ұлы әкесін ұятқа қалдырды. 

Дереккөз ҚазАқпарат.