фото: pixabay.com
Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейді. Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда медициналық маска тағуға кеңес береді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы мен Астанада. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі желтоқсаннан қаңтарға дейін сырқаттану саны 2,5 есеге артқанын хабарлады. Қазір жұқпалы инфекция жұқтырған 3 науқас ауруханада емделіп жатыр.
Министрлік ешқандай шектеу шаралары енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Алайда Үкімет, Мәжіліс пен Сенат ғимаратында маска тағу режимі енгізілді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через