Дәрігер қуыруға арналған ең қауіпсіз өсімдік майын атады

Дәрігер қуыруға арналған ең қауіпсіз өсімдік майын атады
фото: addon.life

     Дәрігер қуыруға арналған ең қауіпсіз өсімдік майын атады

     Медицина ғылымдарының кандидаты Ирина Юзуп тағамды дайындауда кокос жаңғағының майы мен зәйтүн майы пайдалы екенін айтты.

     Маман тамақты қуырып дайындағанда бірнеше ережелерді сақтау міндетті екенін ескертті.

     Ең алдымен, майды бірнеше мәрте қыздырмау керек екен. Өйткені бұл майдың пайдалы қасиеттерін жоғалтауына әкеледі.

     Сондай-ақ маман қуыруға арналған майды таңдағанда, түтін нүктесі деп аталатын нәрсеге назар аударуға кеңес берді. Бұл өнімнің қатты жанып, у шығаратын температураға жетпеуіне көмектеседі. 

    "Қалған тазартылмаған майларды қыздырмай пайдалану керек. Мысалы, салаттарға зығыр немесе кендір майын, ал дайын жармаға асқабақ немесе қарағай майын қосыңыз", - деп кеңес берді Юзуп.

     Massaget.kz