Дәрі-дәрмектің 50 пайызы Қазақстанда жасалады
Бұл туралы Қайрат Келімбетов Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында айтты.
Қайрат Келімбетов сұхбат барысында халықтың өмір сүру жасын арттыру қажет екендігіне тоқталды. Оның айтуынша, бұл тек Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы емес. Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің де жұмысы.
«Нақтырақ айтқанда, көпфункционалды заманауи жаңа сауықтыру орталықтары салынады. Бұл біз үйреніп қалғандай ауруханалар мен емханалар емес. Жаңа заманға сай кешен болады. Сонымен қатар ауылдарда 137 фельдшерлік-окушерлік пункт салынып, барлық медициналық ұйымдар жаңартылады. Дәрі-дәрмектің 50%-ы Қазақстанда жасалған өнім болады. 120-дан астам спорттық секциялар ашылады. Мұның бәрі әр сала бойынша жасалатын жұмыс болғанымен, айналып келгенде халықтың өмір сүру жасын 75-ке дейін жеткізуді мақсат етеді», деді спикер.
Дана МЫРЗАҚАДІР
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через