Денсаулық сақтау министрлігі медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты.
Дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауынша толықтырылады.
Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықпен қоса, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты жарақатты шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.
Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.
Дереккөз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Фото apocalypse.fandom.com