фото: Фото: Жеке мұрағаттан
Мейрамбек Назарқожаев Қазақстанды әлем сахнасында танытып жүрген отандастың бірі. Дания корольдік театрының әртісі атанған тұңғыш қазақ. Театр труппасына қабылданған алғашқы жылы Нью-Йоркте өткен Джейкобс-Пиллоу фестиваліне қатысып, сыншылар мен The New York Times газеті тілшілерінің назарына ілінген. Ресей, Германия, Англияның үлкен сахналарында өнер көрсеткен. Қазір әлемдік деңгейдегі театрлардың бірінде солист ретінде негізгі рөлдерді сомдап жүрген Мейрамбек ауылдан шыққан. Ол ауылда өскен балалар да өздерінің қажырлы еңбектерінің арқасында кез келген мақсатқа жете алатынын айтады. Бір жыл бұрын Дания корольдігінің жоғары марапатын алып, Дания патшайымының алдында өнер көрсеткен.
Мейрамбек Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылында дүниеге келген. Кішкентай кезінде үлкендер одан жақсы футболшы шығады үміттенген. Өйткені ол көптеген аудандық жарыстарда марапатқа ие болған. Алматы хореография училищесінде білім алады.
Оқудан кейін тәжірибе жинау үшін Мәскеуге аттанады. Өйткені балет өнерінің тарихында Ресейдің орны ерекше. Ресей – әлемге танымал хореографтар мен бишілердің отаны. Мәскеуде Russian State Ballet труппасына қабылданады. Ол труппаның көркемдік жетекшісі Вячаслав Гордеев оған сенім артып, үлкен рөлдерді беріп отырады. Сол кісінің қол астында Германия, Швейцария, Австрия, Қытайдың үлкен сахналарында және Үлкен театр, Кремльде жетекші партияларды сомдап өнер көрсетті. Мәскеу Еуропаға жол ашатын үлкен асу болды,-дейді талантты жігіт. Бүгінде Дания корольдік театрының әртісі атанды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через