фото: mediabugin@gmail.com
Дамыған 20 елдің қатарына кіреміз
Телекоммуникация саласы бойынша Интернет сапасын, яғни талшықты оптикалы желілерді жетілдіріп, алдағы 2 жылда осы бағытта нәтижелі жобаларды іске асырсақ, әлемнің 20 дамыған мемлекетінің қатарынан көріне аламыз.
Бұл туралы бүгіні өзінің Facebook парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды.
«Кеше «Астана» Халықаралық қаржы орталығында еліміздегі электронды үкімет саласын дамыту жайын талқыладық. Іс-шараға БҰҰ-ның цифрландыру саласына жауапты департаментінің басшысы ВИНЧЕНЦО АКУАРО мырза арнайы келіп, еліміздегі цифрландыру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға өз бағасын берді.
Биыл еліміз БҰҰ рейтингінде электрондық үкіметті дамыту бойынша 28-орынды иеленген болатын. Ал, осы рейтингтің ішінде «Онлайн-қызметтердің сапа индексі» бойынша 8 орындамыз. БҰҰ өкілі Қазақстан электронды үкіметті дамытуда көшбасшы елдердің бірі екенін айта келе, рейтингте еліміз жоғары балл иеленгенін атап өтті»,-деп жазды министр.
Осы ретте ол телекоммуникация саласы бойынша Интернет сапасын, яғни талшықты оптикалы желілерді жетілдіріп, алдағы 2 жылда осы бағытта нәтижелі жобалар іске асса, әлемнің дамыған 20 мемлекетінің қатарынан көрінуге болатынын жеткізді.
«БҰҰ бағалауы - электронды үкіметтің даму индексі бойынша жүргізілетін ең беделді рейтинг екендігін атап өткім келеді. Оны қалыптастыру аясында БҰҰ сарапшылары электрондық қызметтер мен адами капиталдың дамуына баса мән береді. Бағалаудан соң, тәуелсіз сарапшылар дербес шешім қабылдайды. Рейтинг шеңберінде БҰҰ-ға қатысушы 193 ел бағаланады»,-дейді Бағдат Мусин.
https://massaget.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через