Мемлекет

Бөлісу

Цифрлық теңге туралы фейк ақпараттар пайда болды

Цифрлық теңге туралы фейк ақпараттар пайда болды

Цифрлық теңге туралы фейк ақпараттар пайда болды

Цифрлық теңге қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшаның орнын ауыстырмайды, қолданыста олармен қатар жүретін болады, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ұлттық Банк цифрлық теңге туралы фейк ақпараттар мен хабарламалардың пайда болғанын ескертеді.

"Цифрлық теңге төңірегінде қызығушылық артқандықтан алаяқтар жоба туралы ақпаратты теріс мақсатта пайдаланып, жұртты адастыруға көшті. Мессенджерлерде жаңалықтар шығарылымы форматында қолма-қол ақшаны цифрлық теңгемен ауыстыру туралы фейк ақпараттар мен видеороликтер тарап жатыр. Ал, цифрлық теңге жобасына инвестиция салуды жарнамалаушылар алаяқтық сайттарды жасауға көшкен. Бұл хабарламалардың барлығы да шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол ақшасыз аударымдардың орнын ауыстыру үшін шығарылмаған, ол қолданыста қатар жүретін болады. Цифрлық валюта бірегей технологиялық сипаттамалардың арқасында Қазақстанның Ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамытуды көздейді, оның ішінде интернетсіз төлем жасау мүмкіндігі де пайда болады.

Ұлттық банк хабарлауынша, қазір "Цифрлық теңге" жобасы әзірлеу және сынақтан өткізу кезеңінде тұр. Ұлттық цифрлық валютаны енгізу бойынша нақты шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарлануда. Ал, Ұлттық банк цифрлық валютаның артықшылықтары мен тәуекелдерін, оның ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және төлем қызметі нарығына әсерін жан-жақты зерттеп жатыр.

https://sputnik.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через