Өмір сапасының әлемдік стандарттары

Бөлісу

Цифрлық теңге 2025 жылы қолданысқа енгізіледі

Цифрлық  теңге  2025  жылы  қолданысқа  енгізіледі

Цифрлық  теңге  2025  жылы  қолданысқа  енгізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банк төрағасы қабылдады.

Ғалымжан Пірматов президентке биылғы ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары, инфляцияның өсу қарқыны мен оның болжамы, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндап берді.

Оның айтуынша, ұлттық банк қабылдаған шаралардың нәтижесінде теңгемен салынған депозиттер бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін өсті. Бұның барлығы валюта нарығын тұрақтандыруға және экономиканы кредиттеу өсімін жалғастыруға оң ықпал еткен.

Президентке цифрлық теңгені енгізу қажеттігіне қатысты жүргізілген зерттеу қорытындылары да баяндалды. Пірматов цифрлық теңге платформасын тестілеу сәтті өткенін жеткізді.

"Цифрлық теңгенің енгізілуі қолма-қол ақшасыз төлемнің қолжетімділігін арттырып, мемлекеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз етеді және инновациялық қаржы өнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Ұлттық банк төрағасы цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілетінін жеткізді. Цифрлық теңгені айналымға енгізу жоспары үш кезеңнен тұрады", - делінген ресми хабарламада.

Мемлекет басшысы жобаны одан әрі жүзеге асыру жөнінде міндет жүктеді. Сондай-ақ, ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

https://sputnik.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через