Мемлекет

Бөлісу

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы түсіндіреді

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы түсіндіреді

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы түсіндіреді

Қазақстанда цифрлық таңбалау енгізіліп жатыр. 1 қарашадан аяқ киімдерді міндетті таңбалау талабы күшіне енгені белгілі. Осы орайда  Цифрлық экономиканы дамыту орталығы тауар таңбалауға қатысты кең тараған 5 мифке қатысты түсініктеме береді.

1-миф. Цифрлық таңбалау салдарынан көптеген кәсіпкер өз бизнесін жабуға мәжбүр болады.

Факт. Цифрлық таңбалау салық төлемейтін жосықсыз кәсіпкерлер үшін ғана тиімсіз. Заңды түрде жұмыс істейтіндер бұрынғыдай жұмысын жалғастыра береді, ал адал кәсіпкерлер үшін салауатты бәсекелестікке жағдай жасалады. Бұдан бөлек, таңбалау қазақстандық өндірушіні импортпен тең жағдайға қояды, өйткені барлық тауар таңбалануы тиіс.

Цифрлық таңбалау: 1 қарашадан таңбаланбаған аяқ киім өндіруге және импорттауға тыйым салынады.

Аяқ киім өндірушілері мен импорттаушылар оған дейін таңбалау жүйесіне тіркелуі қажет

2-миф. Бөлшек сауда үшін таңбаланған тауарлармен жұмыс істеуге арналған жабдық қымбат және әрдайым келесі өнім тобы үшін жаңасын сатып алу керек.

Факт. Таңбаланған тауарлармен жұмыс істеу үшін бөлшек сауда өкілдеріне бақылау-кассалық машинаға қосылған 2D сканер қажет, кассаны олар қазірдің өзінде қолданып келеді. Жабдықты қайта сатып алудың қажеті жоқ. Нарықтағы онлайн-кассалар да таңбаланған тауарлармен жұмыс істеуге бейімделген. Сапалы сканердің орташа құны – 23 мың теңге. 2D сканерге балама ретінде NaqtySauda.Kassa тегін мобильді қосымшасы бар, оны плей-маркеттен жүктеп алуға болады.

3-миф. Таңбалау процестерін жүзеге асыру үшін қосымша адами ресурсы қажет.

Факт. Қолданыстағы таңбалау процестері арнайы білім алуды немесе қосымша қызметкер жалдауды қажет етпейді. Сондай-ақ бірыңғай таңбалаудың операторы нарықтың барлық қатысушыларына тауарларды таңбалау бойынша, оның ішінде импорттаушыларды қоса алғанда, шетелдік өндірушілермен немесе кеден қоймаларымен өзара іс-қимылда қолдау  көрсетуге дайын.

Қазақстанда сүт өнімдері таңбаланбайтын болды

Тек экспортқа шығарылатын тауарлар таңбалануы тиіс

4-миф. Таңбалауды енгізгеннен аяқ киім қымбаттайды

Факт. Баға өзгерісі барлық салық пен төлемдерді айналып өтіп, елге заңсыз жолмен әкелінген аяқ киімге ғана әсер етуі мүмкін. Таңбалау енгізуде барлық міндетті төлемдер ескерілетін болады. Осылайша, нарықтың қатысушылары үшін тең жағдайлар жасалады және адал бәсекелестік қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ҚР ИИДМ отандық аяқ киім өндірушілеріне таңбалау шығындарының 50% өтеп беру туралы бұйрық шығарды.

5-миф. Цифрлық таңбалау бизнес үшін оң нәтиже бермейді

Факт. Цифрлық таңбалау тауарларды өндірушіден соңғы тұтынушыға және кеден қоймасынан тұтынушыға дейін бақылауды қамтиды. Барлық процестерді цифрландыру бизнеске тауарлар қозғалысының бүкіл тізбегін бақылауға, сол арқылы логистикалық процестерді оңтайландыруға, есеп құруға, сұраныс пен өндірісті жоспарлауға мүмкіндік береді, бұл артық шығындарды едәуір азайтады. Бұдан басқа, талдау агенттіктерінің деректері бойынша бизнес 900 млрд теңге сомаға қосымша өткізу нарығы түрінде пайда алады, адал өндірушілердің кірістерін ұлғайту жылына 10% - дан астам соманы құрайды.

 

 

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через