фото: pixabay.com
Біз қытайлық көліктерге де үйрене бастадық. Бағасын, сондай-ақ оған қайда және қалай қызмет көрсетілетінін білеміз. Ал қытайлардың өздері қандай көлікті ұнатады? Сарапшылар үздік 5 нұсқаны анықтады. Сенесіз бе, жоқ па, алғашқы бестікке қытайдың екі бренді ғана еніпті.
Статистикаға сүйенсек, бар болғаны бір айдың ішінде, нақтырақ айтқанда, 2023 жылдың тамызында Қытай тұрғындары 2 миллионға жуық жаңа жеңіл автокөлік сатып алыпты.
Тақырыптан ауытқымай, үздік көліктер тізіміне оралсақ.
Бірінші орында BYD.
Қытайлық автокөлік нарығының көшбасшысы BYD, оның соңғы жылдағы өсімі 130% артып, жергілікті нарықта бірінші орынды иеленді. Көліктің бағасы арзан болмаса да, оған сұраныс жоғары көрінеді.
Екінші орынды қытайлық тұтынушылар жақсы көретін немістің Volkswagen бренді иеленді. Қытайдың іштен жанатын қозғалтқыштар нарығындағы оның үлесі 2022 жылдың соңында 19%-ыз болса, 2023 жылы 20%-ға дейін өскен.
Үшінші орында - жапондық Toyota, Camry. Бұл Қытайда шығарылатын 2,5 литрлік атмосфералық қозғалтқышқа негізделген гибридті нұсқа.
Одан кейін тізімді Honda жалғастырады, Honda Motor компаниясы Қытай үшін арнайы электрлендірудің жаңа стратегиясын енгізді. Басқаша айтқанда, 2030 жылдан бастап барлық Honda автокөліктері Қытайда гибридті немесе толығымен электрлі модель ретінде шығарылады.
Changan бренді үздік бестікті жабады.
Бұл жерде логикалық сұрақ туындайды: өз елінде неше түрлі автомобиль шығып жатса да, қытайлықтар неге шетелдік көліктерді ұнатады? Себебі: тұрақты табысы бар ел азаматтарының шетелдік автокөлікті сатып алуға және оны пайдалануға шамасы жетеді екен.
Қытайлық автомобиль өндірушілер қауымдастығы (CAAM) 2023 жылы 30 миллион көлік шығарып, рекордтық деңгейге жетті. Бұл 2022 жылға қарағанда 11,7% -ға көп.
Оның ішінде 26 млн. жеңіл автокөліктер, 4 миллионы коммерциялық көліктерге арналған, яғни, жүк машиналары мен автобустар.
2023 жылы аспан асты елі сыртқы нарыққа 5 млн темір тұлпар шығарды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через