Мемлекет

Былтыр елімізде 19,3 мың неке бұзылған

  Былтыр елімізде 19,3 мың неке бұзылған

Былтыр елімізде 19,3 мың неке бұзылған

Қазақстанда неке саны бір жылда 9%-ға өскен, ал ажырасу саны 14%-ға азайған. 2021 жылы  Қазақстанда 19,3 мың жұп ажырасқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға төмен.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында елде 140,3 мың неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға артық. Қалаларда неке саны бір жылда 12%-ға немесе 99,4 мыңға дейін, ал ауылдарда – 1,9%-ға немесе 40,8 мыңға дейін артқан.

2021 жылы 12 айда 19,3 мың жұп ажырасқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 10,8%-ға немесе 14,9 мыңға дейін, ауылдарда – 24,5%-ға немесе 4,4 мыңға дейін азайған.

Ең көп неке Алматы қаласында тіркелді. Мұнда 18,8 мың жұп некелескен, 2020 жылмен салыстырғанда 18,8%-ға артық. Үздік үштікке халық тығыз орналасқан Алматы (14 мың неке, бір жылда плюс 7,9%) және Түркістан (13,9 мың неке, бір жылда плюс 3,2%) облыстары енді.

Ең аз неке Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді (3,5 мың жұп некеге тұрған), өткен жылмен салыстырғанда 19,9%-ға көп.

Ажырасудың ең көп саны Алматы қаласы (2,6 мың), Алматы (2 мың) және Қарағанды (1,9 мың) облыстарына, ең азы – Қызылорда облысына (барлығы 437) тиесілі.

Елдегі неке коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 6,78-ден 7,29-ға дейін өсті. Некенің ең жоғары коэффициенті елордада тіркелді (1000 адамға 9,66). Үздік үштікте Алматы мен Атырау облыстары да бар.

Ажырасу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 1,18-ден 1-ге дейін төмендеді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында ажырасу дерегі азайған.

 

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру