Былтыр алғаш рет цифрлық қызмет экспорты 333 миллион АҚШ доллардан астам көрсеткішке жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 есе жоғары!
Ұлттық банк жариялаған осынау деректерге сүйенген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жақсы хабарды әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Standard.kz.
Қазіргі таңда елімізде қолайлы реттеушілік ортаны құру, қолдау жұмыстары, сондай-ақ адами капиталды дамыту бойынша қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде, отандық IT-компаниялардың табысты деңгейде қалыптасуына және шетелдік IT-компанияларды тартуға барлық жағдай жасалған, деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстан халқына арнаған жолдауында Үкіметке цифрлық индустриядағы қызметтер мен тауарлар экспортын 2025 жылға қарай 500 миллион долларға дейін арттыруды тапсырған еді.
«Осы ретте, отандық IT-компаниялардың жақын және алыс шетелдерге, тарөатып айтсақ, АҚШ, БАӘ, РФ, Испания және Ұлыбритания және т.б. елдерге белсенді түрде экспортталатын өнімдерді әзірлейтінін атап өткім келеді, деді Бағдат Мусин
Министр атап өткеніндей, Google for Startups, Draper University және басқалармен бірлескен акселерациялық, яғни жеделдетілген бағдарламалар қазақстандық компаниялардың әлеуетін арттырады және оларды барынша бәсекеге қабілетті нарықтарға шығуға дайындайды.
Фото nalog.gov.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через