фото: bangkokbook.ru
Ақмола облысындағы «Rixos» қонақ үйінің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды, оның ішінде 7 адам жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, деп хабарлайды Standard.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Rixos» қонақ үйінің қызметшілері арасында бактериялық ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелгені анықталды. Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-і Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды, жағдайлары қанағаттанарлық», - деді Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.
Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, қазіргі кезде «Бурабай» санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Rixos» қонақ үйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.
«Судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды, зертханада тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, қызметшілер тексеріліп, эпидемияға қарсы шаралар жалғасады», - деп толықтырды Сәуле Сәдуақасова.
Көкшетау қаласы жұқпалы аурулар орталығы мамандарының сөзінше, инфекция жұқтырып, ауруханаға жатқызылған науқастардың саны тоғызға жеткен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через