Утилизациялауға қабылдаудың жаңа бағдарламасы 2022 жылдың қаңтар айында іске қосылмақ.
Қазіргі уақытта ӨКМ операторы биылғы жылға межеленген квотаны толығымен игеріп отыр. Жыл соңына дейін ӨКМ операторы мамандары аймақтардағы қабылдау бекеттеріне тапсырылған техникаларға түгендеу жұмыстарын жүргізеді.
Айта кету керек, қазақстандықтар биыл ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы аясында 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495-і жеңіл көлік. Сондай-ақ жолаушы тасымалдайтын 4 040 және 8470 жүк көлігі өткізілген. Ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бүгінгі таңда 3054 техника өткізіліп отыр. Оның 2 226-сы трактор, 828-і комбайн.
Ал ауыл шаруашылығы техникасы жыл соңына дейін қабылдана береді. Атап айтқанда 254 трактор, 72 комбайнға электронды кезекке сай тапсырылуды күтіп отыр.
Жеңіл, жолаушы және жүк көліктерін қабылдау келер жылға дейін тоқтатылады. Ескі көлікті жоюға қабылдаудың 2022 жылдағы бағдарламасы қаңтар айында іске қосылады деп күтілуде.
azattyq-ruhy.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через