Бүгінгі тойдың форматын өзгерту керек пе? Сауалнама

Бүгінгі тойдың форматын өзгерту керек пе? Сауалнама
фото: weproject.media

Халқымызда «Жиған-тергенің тойға шашылсын!» деген жақсы тілек бар. Расында, біз барымызды тойға жаратқанды құп көреміз.  Өзіміз де тойға жиі барамыз. Ағайынның қуанышына ортақтасқанға не жетсін. Бірақ бір өкініштісі, той уақытында басталмайды. Өткенде туысымыз баласына тұсаукесер той жасады. Сағат 17.00-ге шақырған соң уақытында мейрамхана табалдырығын аттадық. Бірақ той сағат 20.00 басталды. Үш сағат күтіп шаршап кеттім.    

Мысалы, өркениеті дамыған шетелдің ірі қалаларында той иелері шақырылған қонақтарды тізім бойынша алдын-ала сөйлесіп, тойға келетінін не келмейтінін анықтайды. Осылайша, тойды нақты адамға және нақты уақытқа есептейді. Біз де осы тәжірибені қолдануымыз керек шығар.

Әйтпесе, тойға 1-2 ай бұрын шақыру аламыз. Сонда да кешігіп барамыз. Неге? Қонақтар кешікпей келу үшін не істеу керек? Бүгінгі тойдың форматын өзгерту керек пе? Осы сұрақтардың жауабын Standard.kz  порталының тілшілері іздеп көріп еді.