фото: pixabay.com
Рамазан айы аяқталуға жақын. Бүгін – күллі мұсылман халқы асыға күтетін қасиетті Қадір түні.
«Алла Тағала түндердің ішінде Қадір түнінің қадірі мен қасиетін арттырып қойды. Рамазан айының қасиетті болуының ерекшеліктерінің бірі – Қадір түнінде тағдырдың жазылуы. Ал Қадір түнінің қасиетті болуының мәні – адамзат баласын екі дүние бақытына жетелеуші, ақ пен қараның, адал мен арамның аражігін айқындаушы Құранның түсуі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы
Қадір түні – қасиетті, тағдыр, тарылу деген мағыналарды білдіреді. Қадір түні – Алла Тағала періштелерге әмір етуімен Құран Кәрімді Лаухул Махфуздан (барлық жаратылыстың тағдыры жазылған кітап) Байтул Ғиззаға (дүние аспаны) түсірген қасиетті түн.
«Қадір түні мың айдан да қайырлы» («Қадр» сүресі, 3-аят). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі», - дейді. Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы
Бұл түнді ойын-сауық орындарында өткізуге болмайды. Қадыр түнін үйде немесе мешітте өткізеді. Түнді жалғыз да, жамағатпен де қарсы алуға болады.
Бұл түні намаз оқылады, Құран оқылады, өткен күндердің, айлардың қателіктері талданады, өткен реніштер кешіріледі, болашаққа жоспарлар жасалады.
Фото pixabay.com. Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через