Бүгін – Дүниежүзілік сапа күні

Бүгін – Дүниежүзілік сапа күні

САПА – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

              Бұл күннің мақсаты – тауарлар мен қызметтердің «жоғары сапасы» деген сөздің мағынасын көтеру. Аталмыш шара жыл сайын әлемнің бірқатар елінде қараша айының екінші аптасында аталып өтеді.

             Сапа күнінің негізін БҰҰ-ның қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы қалаған. Дүниежүзілік сапа күні 1990 жылы бекітілген.

             Сапа мәселесі – әлемнің жетекші елдерінің экономикасындағы ең өзекті проблемалардың бірі. Еуропалық сапа апталығы сондай-ақ, сапа мәселесіне қоғамның назарын аудартатын түрлі акциялар, жетістіктер мен сапаның Еуропадан тыс аумақтардағы бәсекелестікке қабілеттілігі жағынан да маңызды орын алады. 

            Себебі, бүгінде сапа – кез келген тауар, кез келген сала және кез келген мемлекет үшін  жетістікке жетудің алтын кілті іспеттес.